Бір күні бір апамыз өзінің "3 күйеу баласын" сынамақ болып біраз айла ойластырыпты.. Сөйтіп, басына бір жақсы айла-тәсіл келіпті.. Бірінші күйеу баласын сынайын деп, өзеннің жағасында серуендеп жүріп, өтірік аяғы тайып кеткен болып, суға түсіп кетіпті.. Күйеу баласы ойланбастан суға секіріп, енесін құтқарып алыпты.. Апамыз — риза. Күйеу баласының бұл ісіне қуанған апамыз: "— Tаңертең ұйқыдан тұрғанда, күйеу балам риза болсын" деп, үйінің алдына "Лада 14" автокөлігін қойып, сыртына "Енеңнен — сыйлық" деп жазып қойыпты.. Келесі күні, апамыз, ортаншы күйеу баласын сынайын деп, дәл солай өзенг секіріп кетіпті.. Ортаншы күйеу баласы ойланып: "— Қанша дегенмен, әйелімді дүниеге әкелген — жан ғой" - деп, өзенге секіріп, енесін құтқарып алыпты! Таңертең ұйқыдан тұрса, есік алдында "Lexus 570" автокөлігі тұр дейді.. Сыртында, "Енеңнен — сыйлық" деген жазуы бар.. Тағы бір күні, кенже қызының күйеуімен келе жатып, суға секіріп кетіпті.. Ол күйеу баласы ойланып тұрып: "— Құрсыншы, батса бата берсін. Бәрібір, жасы келді ғой" - деп қолын бір сілтеп жөнімен кете беріпті.. Келесі күні ұйқыдан тұрып, есік алдына шықса Gelendwagen автокөлігі тұр дейді, сыртында "Қайны-атаңнан — сыйлық" деген жазуы бар...)